×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Fly Arystan 3 мыңнан астам балалар билетін 50 пайыз қымбатқа сатқан

17.02.2023, 19:16
Фото: Ашық дереккөз

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша «Флай Арыстан» АҚ авиакомпаниясына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру көрсеткендей, авиакомпания халықаралық рейстерге билеттерді сату кезінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға арнайы 50% жеңілдікті қолданбаған.

Мысалы, 2022 жылдың қаңтарынан қазанына дейін халықаралық бағыттар бойынша стандартты тариф бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала тасымалданған.

Прокуратураның ұсынуы негізінде Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

16 ақпан күні жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін авиакомпанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде қаулы қабылданды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары