×
$
447.94
€
502.32
₽
5.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.94
€
502.32
₽
5.52

Қарағанды облысында заңсыз кен өндіргендер жерді 338 мың текше метрге дейін қазып тастаған

Бүгін, 11:33
Қарағанды облысында заңсыз кен өндіргендер жерді 338 мың текше метрге дейін қазып тастаған
Pixabay.com

Қарағанды облысында екі компанияның басшысы Балқаш қаласына қарасты Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кенін заңсыз өндірген. Бүлінген жерді қалпына келтіруге 485 млн теңге қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мән-жай

Тергеу мәліметінше, «Vertex Co.» және «MiningMetall» ЖШС директоры кен өндіруді жер қойнауын пайдалануға құқығы және қажетті рұқсат құжаттары болмай ұйымдастырған.

Заңсыз жұмыстарға жалдамалы жұмысшылар мен экскаваторлар, тиегіштер, кен ұсататын қондырғы және самосвалдар тартылған. Өндірілген кен ұсатылып, кейін сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған.

338 мың текше метр жерді қазған

Тексеру кезінде жердің үстіңгі қабаты ауқымды көлемде аршылып, кен қазылған үш карьер анықталды. Қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен.

Мамандардың бағалауынша, бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіруге 485 млн теңге қажет.

Соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды. Күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.