Ақ кітап - Қытай екі жылда бір рет жариялайтын ұлттық қорғаныс стратегиясы жөнінде құжат.
Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында "тууды қолдан азайту" және "демографиялық геноцид" жасау туралы айыптаулар мүлдем негізсіз. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің баспасөз кеңсесі жариялаған Шыңжаңның демографиялық дамуы туралы Ақ қағазда айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
«Қытайға қарсы күштер жалған есеп беру үшін мәліметтерді бұрмалап, қате фактілер құрады. Сандармен ойнайды. Шыңжаңда "ұйғыр және басқа да ұлттар үшін отбасын міндетті түрде жоспарлау саясатын қолданады", оларға қатысты "демографиялық геноцид" мақсатында тууды азайтуды қолданады деп айыптайды», - делінген құжатта.
Ақ қағазға сәйкес, Шыңжаңда бала туу саясатын жүзеге асыру әрекеттері заңға қайшы емес. Ауданда тууды мәжбүрлеп реттеуге және жүктілік кезінде тест жасауға қатаң тыйым салынады.
«Контрацептивтерді қолдану, оларды қалай пайдалану керектігі туралы шешімді жеке адам өзі қабылдайды. Сонымен қатар, ешқандай ұйым немесе қандай бір адам бұған араласа алмайды» -, делінген құжатта.
Статистикаға сәйкес, ШҰАА-да ұйғыр халқының саны 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін тұрақты өсіп келеді.