×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Қазақстанға мерекелік тарту: Сан-Франциско мэриясы көк-сары түске боялды

Бүгін, 15:57
Қазақстанға мерекелік тарту: Сан-Франциско мэриясы көк-сары түске боялды
Видео кадры

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы мэрия ғимараты Қазақстан туының көк және сары түстерімен көмкерілді. Осылайша қала Қазақстанды 25 қазанда аталып өтетін Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мерекелік тарту

Мерекелік жарықтандыру туралы Қазақстанның Сан-Францискодағы консулдығы хабарлады. Ұлттық мереке құрметіне қаланың бас әкімшілік ғимараты Қазақстанның мемлекеттік туының түстерімен көмкерілді.

Консулдық қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен де құттықтады.

АҚШ-та Қазақстанды қалай құттықтап жатыр?

Бұл АҚШ қалаларындағы алғашқы мерекелік шара емес. 22 қазанда Нью-Йорктің қаржы орталығында, Уолл-стриттегі әйгілі Charging Bull мүсінінің маңында Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді.

Салтанатты рәсімнің суреттерін қазақстандық фотограф Аркен Аван жариялады. Оның айтуынша, Нью-Йоркте мұндай шара бұған дейін де өткен.

Бұған дейін Хьюстон мэрі Джон Уитмайр қазақ қауымын Республика күнімен құттықтаған. Ол ресми құттықтауында қазақстандықтар мен тегі қазақ америкалықтардың қаланың мәдени өміріне қосқан үлесін атап өтті.

Мереке туралы

Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат ел тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды қадамдардың бірі болды.