×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Қазақстанда Қазақстан есімді әйел бар екені белгілі болды

Бүгін, 15:59
Қазақстанда Қазақстан есімді әйел бар екені белгілі болды
ЖИ

Қазақстанда Қазақстан, Отан, Астана, тіпті Тәуелсіздік есімді адамдар тұрады. Республика күніне орай Ұлттық статистика бюросы елімізде туған жер мен ел атауына байланысты есімдерді қанша адам иеленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елімізде Қазақстан және Астана есімді қанша адам бар?

Статистика мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 28 адам бар. Бір қызығы, олардың 27-сі ер адам, ал біреуі әйел.

24.kz дерегінше, мұндай есім иелерінің көбі Қарағанды облысында тұрады. Өңірде Қазақстан есімді жеті адам тіркелген.

Ал Отан есімі әлдеқайда жиі кездеседі. Елімізде осындай есіммен 128 адам тіркелген.

Астана есімді 25 қазақстандық бар. Демек, кейбір отбасылар елордамыздың атауын баласына есім етіп қойған.

Елімізде Тәуелсіздік есімді адам да бар. Алайда жарияланған мәліметте бұл есімді нақты қанша адам иеленетіні көрсетілмеген.

Қазақстанда Республика есімді адамдар бар ма?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде мұндай есім кездеспейді.

– Қазақстанда Республика есімді азаматтар тіркелмеген. Сондай-ақ, елімізде осылай аталатын елді мекендер де жоқ, – деді ведомство сарапшысы Жансая Қайранбаева.

Статистика бюросы бұл қызық деректерді 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай жариялады.

Айта кетейік, бұл мереке 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен байланысты.