×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Облысы бөлініп жатқан әкімдердің айлығы азая ма?

29.03.2022, 11:20
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Елімізде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрі үкімет кулуарында өңірлердің бөлінуі мен аймақ басшыларының жалақысы туралы сұрақтарға жауап берді.

“Аймақ екіге бөлінгенімен жұмыс азаяды дей алмаймын. Сондықтан аймақ басшыларының қазіргі жалақысы толықтай сақталады”, – деді министр.

Сондай-ақ бұрын жабылып қалған аудандарды қайта құру мен аудандарды бөлу мәселесінің қаралып жатқанын айтты.

“Кейбір аудандар облыс орталығана қарағанда қала орталығына жптын болуы мүмкін. Қазір бұл өте өзекті мәселе болып тұр. Ондай жағдайда жергілікті тұрғындар мен мәсихаттың пікірі ескеріле отырып арнайы құрылған камиссия шешім қабылдайтын болады”, – деді Әлібек Қуантыров.