×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

ҚТЖ қызметкерлерінің орташа жалақысы белгілі болды

29.03.2022, 11:28
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан темір жолы компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Былтыр жүк айналымы 239,3 млрд тонно-километрге жетті. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал, транзит – 39,6 млрд. тонна-км-ге. (21 млн. тонна.) артып, өткен жылғы деңгейден 2% көбейді», - деді ол үкімет отырысында.

Компания басшысының айтуынша, жалпы компанияның табысы 120,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылы түскен пайдамен салыстырғанда 7,4 есе көп.

«Осы жылғы ақпанда ҚТЖ қызметкерлерінің орташа жалақысы 273 мың теңге болды», - дейді Сауранбаев.