×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

V-XIII ғасырлардағы Орта Азия монеталары Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз жөнелтілмек болған

20.02.2023, 12:46
фото: дереккөзден

Алматы қаласы әуежайындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан АҚШ-қа көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құжаттарға арналған қаптама қапшығының сыртына монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдаланып, сканерлеу барысында анықтады. Бұл монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында жасалған және тарихи құндылыққа ие», - деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету кезінде міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени-тарихи құндылықтар санатына жатады.

“Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары