×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды

29.03.2022, 15:20
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли қызметінен босатылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды”, - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Берік Уәли “Хабар агенттігі” АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.