×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Көлікте түнеген жолаушылар 112-ден ескерту кеш келгеніне шағымданды

30.03.2022, 10:00
Коллаж: ulysmedia.kz

Қарағанды облысының бекеттерінде 454 автомобиль жиналып қалды. Оның ішінде 210-ы жүк машина, 242-сі жеңіл және 4-уі қоғамдық көлік, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

29 наурыз сағат 19.00-ге дейін 252 адам құтқарылды, оның ішінде 28 бала, 89 адам эвакуацияланды. 7 жылыту пункті жұмылдырылды, онда 75 адам, оның ішінде 9 бала орналастырылды.

Жолда қалған жүргізушілердің айтуынша, құтқару қызметінен ескерту СМС кеш келген. 

“112-ден ескерту хат түнде жолда омалып отырғанда бірақ келді. “Боран болады, жол жабық” деп. Күні бойы хат келмеп еді. Бізде ылғи боран басталып кеткенде барып жолдарды жабады. Алдын алу үшін боран басталмай тұрып күндіз жауып тастаса болар еді деген "әттеген-ай" ғой”, – деп жазды жолда қалғандардың бірі әлеуметтік желіге.

Азаматтар төтенше жағдай мәселелері бойынша Қарағанды облыстық ТЖД-ның жедел желі нөміріне хабарласа алады: 8 (7212) 517223.