×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Оңтүстік Кореяда үш қазақстандық жалған құжат жасады деген күдікпен ұсталды

20.02.2023, 21:58
Ашық дереккөз

Отандастарымыз босқын мәртебесін алуға арналған өтінімге жалған тарих жасау және әлеуметтік желі арқылы шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына жекелеген құжаттарды дайындады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Корея Республикасының иммиграциялық билігі ақпаратына сәйкес, 12 ақпан күні Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Оның екеуі тұтқынға алынып, үшіншісі елден кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді. Аталған мәселеге қатысты іс жергілікті прокуратураға жолданған", – деді ол. 

Тергеу барысында қазақстандықтардың босқын мәртебесін алу үшін өтінімді өтірік бергені анықталған. 

"Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары "Жеке мәліметтерді қорғау туралы" корей заңына сәйкес Қазақстан Елшілігіне ұсталғандар туралы жеке мәліметтерді және өзге де ақпараттарды беруден бас тартты. Бұған қоса, ұсталған Қазақстан азаматтары Сеулдегі Елшілігімізге жүгінген жоқ және Елшілік қызметкерлеріне ақпарат беруге мүдделі емес", – деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары