×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Дархан Кәлетаев Молдовадағы елші қызметінен босатылды

30.03.2022, 12:36
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып қалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ Президент жарлығымен үш жаңа елші тағайындалды. Олар:

Барлыбаев Төлежан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі;

Абибуллаев Алтай Ибрагимұлы – Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі;

Айдарбеков Алмат Дәкібайұлы - Қазақстан Республикасының Молдовадағы Төтенше және Өкілетті елшісі.