×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

Енді SMS арқылы жұмысқа орналасуға болады

30.03.2022, 14:10
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмекке мұқтаж жастарды анықтау бойынша жаңа жүйе енгізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, осы жылдан бастап өзара іс-қимылдың жаңа форматын енгізу жоспарланып отыр.

“Жұмыссыз жастарды өзіміз анықтап, оларға смс-хабарламалар жібереміз және онлайн-режимде оқудан өту, қысқа мерзімді курстардан өту немесе қоғамдық жұмысқа тарту сияқты түрлі қызмет түрлерін ұсынамыз. Яғни, бізге келмейтін тұлғаларға ақпарат жетуіміз керек”, - деді вице-министр Біржанов.

Спикердің айтуынша, көп жағдайда жастар жұмыспен қамту орталықтарына келмейді, оқыту бойынша сұрақтармен қызмет алуға жүгінбейді.

“Біз әлеуметтік портрет бойынша көмекке мұқтаж, бірақ жұмысқа орналаспаған, оқымайтын, орталықтарға келмейтін адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін «ерте анықтау жүйесі» ақпараттық жүйесін енгіземіз. Бұл тұлғаларға проактивті форматты қолданатын боламыз”, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.