×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы облысында шенділер 200-ден астам кәсіпкерге заңсыз салық салған

21.02.2023, 11:27
Алматы облысында шенділер 200-ден астам кәсіпкерге заңсыз салық салған
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының салық органдары кәсіпкерлерден жарнама үшін заңсыз салықтар өндірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

«Жарнама туралы» заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және маңдайшалар оларға қатысы жоқ екені көрсетілген. Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінің жарнамалары туралы ақпаратты мелмекеттік кірістер органдарына жолдаған кезде, маңдайшаларды да жарнама ретінде көрсеткен.

“Осындай заң бұзушылықтар 220 кәсіпкерге қатысты орын алып, прокуратураның қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні 60 кәсіпкердің дербес шоттарына заңсыз өндіріп алынған салықтар артық төлем ретінде есептелді”, – делінген ведомство хабарламасында,

Прокуратура кәсіпкерлерге «Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жармаға жатпайтынын ескертті.