×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Хаменова ісі: Апелляциялық сот шешімі белгілі болды

21.02.2023, 12:04
Хаменова ісі: Апелляциялық сот шешімі белгілі болды
әлеуметтік желіден

Апелляциялық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет басқармасының басшысы болған Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовтың жазасы жеңілдеді.

Сот алқасының шешімі бойынша Рысқалиев және Адамовқа қатысты сот үкімі өзгертілді, ал Хаменоваға қатысты сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болмағандықтан өзгеріссіз қалдырылды, - делінген сот 

Апелляциялық соттың анықтауынша, Рысқалиев Хаменоваға бағынышты бола тұра, оның тапсырмасы бойынша пара алуға ықпал еткен. Өміртай Адамовпен тығыз байланыста болып, ескерткішті орнату үшін ақшалай қаражат бөлу тұрғысынан қалалық мәдениет бөлімінің басшысы және бухгалтерімен келіссөздер жүргізіп, шарт жасасу процесін жеделдету, ескерткішті орнатуға бюджеттен қаржы алу, сондай-ақ бөлінген қаражатты ЖШС шотына аудару жөнінде шаралар қабылдаған.

4 500 000 теңге мөлшеріндегі пара сомасы Хаменоваға арналған, ол бұл сомадан үлесін алуы туралы келіспеген. Сондықтан Рысқалиевтің әрекеттері пара алуға жәрдемдесу ретінде қаралды, - деп мәлім етті облыстық соттан.

Сот  Рысқалиевтің жауапкершілігін едәуір жеңілдететін ерекше жағдайларды ескеріп (қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына ықпал етті, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкереледі, асырауында 4 жас баласы бар), тағайындалған жазаны 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетті. Ал Адамовтың жазасы 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.

Еске салсақ, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін дайындау мен орнатуға келісім жасасқаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталған болатын. "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа пара берді деген айып тағылды. Б.Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға шегерілді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айырылды.  Ал А.Рысқалиев 7 жылға, Ө.Адамов 4 жылға сотталған болатын.