×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды – ҚМА

31.03.2022, 09:56
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі "Delta Bank" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтағанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

“Анықталғандай, 2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев Н.С.  қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банк қаражатын жымқырып отырған”, – деді ҚР АФМ аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Оның айтуынша, тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының 5 қант зауыты, 20-дан астам жер телімі, 70 жылжымайтын мүлік объектісі мен 40 көлікке қатысты жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

“Бұған Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия мен Чехияда орналасқан активтерге тыйым салу кіреді. Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиард теңгеден астам, 200 миллион доллар және 4 миллион еуроны құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді, айыпталушылар қамауда отыр”, – дейді Салтанат Көшербаева.