×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

БЖЗҚ-дан банкке 6 млрд теңгеге дейін аударғысы келгендер болған

31.03.2022, 14:08
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы "Отбасы банктің" баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Өтінімдердің көпшілігі қайталанады. Бірнеше рет өтініш берген рекордсмендер бар. Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды. Адамның компьютерлік сауаттылығының орташа деңгейінде порталда болу уақыты 15-20 минутты алатынын ескерсек, мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

 Еске салайық, 1 сәуірден бастап зейнетақы қорындағы ақшаны алу талаптары өзгереді. Қалдық сома межесі 1,5 есеге өсіп кетті.