×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Юрий Ильин олигархтың қол астында жұмыс істейтін ұлы туралы пікір білдірді

31.03.2022, 17:35
Коллаж: ulysmedia.kz

Бүгін Ulysmedia тілшісі ТЖМ Юрий Ильинге Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты сауал жолдады. Журналист «министр осы іске қатысты зерттеу жүргізді ме» және «жылу электр  орталығына жауапты өз ұлының олигарх Клебановтың қол астында жұмыс істегені, нақтырақ айтқанда  орынбасары болғаны дұрыс па» деген сұрақ қойды. 

Орталық Коммуникациялар Қызметінің модераторы сұрақтың өткізілген жиын тақырыбына қатысы болмағандықтан, әңгіме ауанын басқа арнаға бұрғысы келді. Алайда Ильин оған жауап беруден бас тартқан жоқ. 

“Егер қызығушылық болса, жауап берейін. Жылу электр орталығына қатысты мәселеге тоқталсақ, арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Оны Энергетика министрінің орынбасары басқарып отыр. Олар апаттың неден туындағанын анықтайды. Қазір Петропавлда жылу мен ыстық су температурасының қалыпты мөлшерден төмендегенін айтуымыз керек. Бүгінде үш қазандық жұмыс істеп тұр. Бес жылу қазандығы мен құбырлар жарамсыз күйінде қалды. Бұған жауапты “СевКазЭнерго” компаниясы проблемадан шығудың жолын қарастырып жатыр. Өкінішке қарай апат болған кезде бір қызметкер оқиға орнында ажал құшты. Мәселе шешілу керек. Мұндай жағдай Ресейдің Барнаул қаласында да болған еді. Сондықтан, біз ресейлік мамандар көмегіне жүгінуге мәжбүр болдық. Алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады. Апатты тудырған құбырлар ауыстырылып, құрылыс жүргізіледі. Бірақ оған шамалы уақыт қажет. Бұл жұмыс 12-ден 14 айға дейін созылуы мүмкін ”, - деді Ильин.

Министр өз ұлына қатысты да пікір білдірді. 

“Нақты менің ұлымның жұмысына қатысты айтсам, меніңше еліміздің әрбір азаматы өзі қалаған жерде жұмыс істеп, елге пайдасын тигізуі керек. Бұл нысан министрлікке қарасты емес және ешқашан бізге қатысы болмаған”, – деді Төтенше жағдайлар министрі. 

Еске сала кетейік, 20 наурызда Петропавл қаласының №2 Жылу электр орталығында үш алып мұржаның бірі құлап, оқиға орнында сол жерде жұмыс істеген бір әйел адам көз жұмды. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.