×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Ресейге баратын қазақстандықтардан коронавирус тесті сұралмайды

01.04.2022, 10:14
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандықтардан Ресейге құрлық арқылы кіру кезінде коронавирусқа тест талап етілмейді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2022 жылғы №10 қаулысында айтылған», – деп нұсқайды Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігі.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары коронавирусқа тест тапсырмайды және тиісті сауалнаманы толтырмайды.