×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Нұр-Сұлтанда дәрігер-шенеунік ұжымының көзінше сотталды

01.04.2022, 17:55
Фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өтті», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.