×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

АҚШ-тың соңғы 30 жылдағы ең жақсы және ең нашар президенті аталды

22.02.2023, 13:23
фото: ашық дереккөзден

Rasmussen Reports америкалықтар арасында сауалнама жүргізіп, АҚШ-тың соңғы 30 жылдағы ең жақсы және ең нашар президентін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша, респонденттердің басым бөлігі экс-президент Дональд Трампты соңғы 30 жылдағы ең жақсы және ең нашар президент деп есептейтіні белгілі болды.

«Президенттердің арасында кім ең жақсы және ең нашар мемлекет басшысы болды?» деген сұрақ қойылғанда америкалықтардың көбі бірінші болыпТрамптың есімін ауызға алған.

Сауалнамаға қатысқандардың 36 пайызы Трампты ең жақсы президент деп таныса, 30 пайызы жақсы деп Ақ үйдің бұрынғы басшысы Барак Обаманы және кіші Джордж Буштың есімін айтқан.

Сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы Трампты АҚШ-тың ең нашар мемлекет басшысы болған десе, дауыс берген халықтың 39 пайызы қазіргі президент Джозеф Байденді екінші орынға шығарған. Үшінші орында – Барак Обама.

 

Серіктес жаңалықтары