×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әдепсіз қылығы үшін қызметінен қуылған алматылық шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

22.02.2023, 15:33
Әдепсіз қылығы үшін қызметінен қуылған алматылық шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
фото: ашық дереккөзден

Әдепсіз қылығы үшін қызметінен қуылған Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Лаура Мырзағалидың Алматы облысындағы ауруханалардың біріне жұмысқа орналасқаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экс-шенеуніктің жаңа қызметке орналасуы жайлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев пікір білдірді.

Оның сөзінше,  агенттік Лаура Мырзағалидың мемлекеттік қызметтен басқа тағайындауларын қадағалауға құқығы жоқ

«Ол бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Жасаған әдепсіз қылығы үшін жазасын алды. Ол қызметінен босатылды. Лаура Мырзағали үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Оның жаңа тағайындалуына келетін болсақ, менің білуімше, ол мемлекеттік қызметке жатпайтын ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымына кірген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл шектеулер ведомстволық бағынысты ұйымдарға, квазимемлекеттік секторға қолданылмайды. Сондықтан агенттік оның мемлекеттік қызметтен басқа тағайындауларын қадағалауға құқығы жоқ. Егер ол квазимемлекеттік сектордағы денсаулық сақтау ұйымына тағайындалса, бұл оның құқығы», - деп жауап берді Ильдар Үйсімбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетейік, былтыр әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видеосы тарап кетті. Көп ұзамай Мемлекеттік қызмет істері департаменті видео тексеріп, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Лаура Мырзағалиды қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.