×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Әскери фейктер" ісі: ресейлік композитор соғысқа қарсы жазбасы үшін 5 жылға сотталды

22.02.2023, 17:14
фото: ашық дереккөзден

Ресейде «әскери фейктер» ісі бойынша композитор Прохор Протасов сырттай сотталды,  хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сетевые свободы» телеграм-арнасының жазуынша, істі Кировтың Первомай соты қараған. Мемлекеттік айыптаушы Вятка филармониясының бұрынғы дирижері және қалалық әнұранның авторы композитор Прохор Протасовты 2022 жылдың көктемінде «Вконтакте» желісінде «Ресей әскери қызметшілерінің Бучадағы әрекеті туралы жалған хабарламаларды қасақана таратқаны» үшін 9 жыл тағайындауды талап еткен. 

Бірнеше жылдан бері Ресейде тұрмайтын композитор Киров сотына өз хатын жолдапты.

«Бучадағы бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы пікірім өзім сенетін ақпарат көздерін зерттегеннен кейін қалыптасты. Мен осы ақпарат көздерінен алған ақпаратты сенімді деп бағалаймын, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін көптен бері оқып келемін, онда жарияланған ақпаратты шындық деп санаймын. Бұл ақпаратты кейіннен БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар растады», - дейді   Протасовтың хатында.

Ресейлік БАҚ-тың дерегінше, Канадада болған кезінде кировтық композитор «Вконтакте» желісінде орыс музыканттарын үндемеуге шақырған хабарлама жариялаған. Ол сондай-ақ Киров облысының губернаторы Игорь Васильевке, Киров басшысы Елена Ковалеваға және облыстық жиналыстың 40 депутатына соғысқа қарсы хаттар жіберген көрінеді.

Композитордың Кременчугтағы сауда орталығына шабуыл және Бучадағы зымыран соққысы туралы жазбасы «әскери фейктер» ісі бойынша тергелуіне себеп болды. Көп ұзамай оның парақшасы бұғатталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы "қауесет" таратқаны үшін 6 жылға соттап жіберген еді.

 

Серіктес жаңалықтары