Бүгін “AMANAT” партиясының сенімді өкілдері Ұлытаудың белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кездесу барысында партияның іске асқан және іске асырылатын жобаларымен таныстырып, сайлауалды бағдарламаның жастарға қатысты жоспарларымен хабардар етті.
Жастар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
“Сайлауалды бағдарламалармен танысқан жастар алдағы сайлауда өкінбестей таңдау жасайды деген сенімдеміз”, - деді партия өкілдері.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.