×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Википедия сайтында ақау пайда болды

22.02.2023, 18:44
Ашық дереккөз

Бүкіл әлем бойынша интернет қолданушылары "Википедия" сайтына кіруде мәселе туындағанына жаппай шағымдана бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ауқымды мәселені Downdetector порталы да тіркеді. Аталған интернет-ресурс Ресей, АҚШ және Еуроодақ пайдаланушылары үшін де ашылмай тұр. 

Википедияны ашқысы келгендердің алдында "техникалық проблема" туралы хабарлама шығып жатыр. Ресей аумағындағылар энциклопедияның орыс тіліндегі нұсқасын ғана аша алмауда. 

 

Wikimedia Foundation техникалық қызмет мамандары жедел әрекет етіп, ақауларды жоюмен айналыса бастағанын хабарлады. 

Википедия - бұл барлық интернет қолданушылар мақалаларын орналастырып, ондағы мәтіндерді редакциялау мүмкіндігіне ие онлайн-энциклопедия. Қазіргі уақытта ол электронды энциклопедиялар арасындағы мақалалардың ауқымы мен саны бойынша ең үлкені болып табылады, онда 306 тілдік бөлім бар. Барлығы 55,6 миллион мақаланы қамтиды, сайтқа кірушілер саны айына шамамен 1,7 миллиард адамды құрайды.

Серіктес жаңалықтары