×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Тәліптер Ауғанстанда көкнәр өсіруге тыйым салды

03.04.2022, 16:47
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ауғанстан аумағындағы есірткі өндіретін барлық кәсіпорындардың жұмысына тосқауыл қойылды. Ережені бұзғандар шариғат заңдары аясында жауапқа тартылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» ұйымы елдің барлық аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Мұндай өкімді қозғалыстың жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада шығарған.

Тәліптер көшбасшысының бұйрығында бұдан былай барлық ауғандыққа көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғаны туралы айтылған.

«Талибанның» жоғарғы басшысының нұсқауын бұзғандар шариғат заңдары бойынша сотталады екен, ал табылған тыйым салынған өнімнің барлығы дереу жойылады.

Сонымен қатар бұдан былай Ауғанстан елінде есірткінің барлық түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткісі бар таблеткалар мен алкогольді заттарды пайдалануға, тасымалдауға, сатуға, экспорттауға және импорттауға жол берілмейді.