×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Қазақстан әскерлерінің формасы өзгереді

03.04.2022, 17:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді”, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.