×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

БҰҰ Украинада қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқанын айтты

04.04.2022, 10:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының мәліметінше, 24 ақпан мен 2 сәуір аралығында Украинадағы соғыс салдарынан 1,4 мыңнан астам адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

"2022 жылдың 24 ақпаны сағат 4:00-денбастап… 2022 жылдың 2 сәуірі түн ортасына дейін (жергілікті уақыт) Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы елде 1 417 бейбіт тұрғынның қаза болғанын және 2 038 адам жарақат алғанын тіркеді", – делінген мәлімдемеде.

Қаза болғандардың арасында – 201 әйел, 22 қыз және 40 ұл бала, сондай-ақ жынысын анықтау мүмкін болмаған 59 бала бар екені айтылды.