Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Беларусьте өтетін оқу-жаттығуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазір сол мәселе қарастырылып жатыр. Егер ол оқу-жаттығу біздің саясатымызға сай келмесе, біз оған қатыспаймыз», - деді Сұлтан Камалетдинов.
«Яғни ел басшылығы қатысу-қатыспауды шешеді ғой?» деген сұраққа «тапсырма берсе, біз әрине орындаймыз» деді ол.
Еске сала кетейік, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов биыл Беларусь аумағында ұйымға мүше мемлекеттердің үш оқу-жаттығуы өтетінін хабарлаған еді.