×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Сармат" баллистикалық зымыраны дайын – Путин

23.02.2023, 16:21
фото: ашық дереккөзден

Ресейліктерді Отан қорғау күнімен құттықтаған Владимир Путин Ресейдің ядролық қаруды дамыту бағытындағы жоспарларын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кремль сайтында жарияланған бейнеүндеуінде Ресей басшысы жаңа ауыр зымыраны бар "Сармат" кешенінің алғашқы ұшыру құрылғысы әскери кезекшілікке шыққанын мәлімдеді.

“Ресей "Кинжал" гипердыбыс зымырандарының әуе кешені өндірісін тоқтатпайды, "Циркон" гипердыбыс зымырандарының теңіз кешендерін армияға көптеп жеткізе бастайды. Бірнеше жылда Ресей әскери-теңіз флотына тағы үш атом сүңгуір крейсері кіреді”, – деп мәлімдеді Путин.

Ел халқына жолдауында Путин стратегиялық күштер жайлы біраз сөз қозғаса да,  "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыраны дайын екенін айтпаған. CNN телеарнасының дереккөздері бұл зымыран сынақ кезінде сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеген. Сынақ АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарлап барған уақытта жүргізілген көрінеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей Федерациясының Ұлыбританиядағы елшісі Андрей Келин LBC радиостанциясына берген сұхбатында Украинаға қарсы соғыста тактикалық ядролық қару қолдану жайлы сұраққа жауап берген.

 

Серіктес жаңалықтары