Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Муратаның жекпе-жегі тікелей эфирде отандық арналардан көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Геннадий Головкин мен Риото Муратаның көптен күткен кездесуі Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.
9 сәуір күні сағат 15.00 (астана уақытымен) кезінде Геннадий Головкиннің жапон боксшысы Риота Муратамен жекпе-жегі Qazaqstan және Qazsport арналарынан көрсетіледі.