×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қазақстан Қарулы күштерінде тексеру басталды

04.04.2022, 15:15
ҚР ҚМ

Қорғаныс Министрлігі Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдерін, сондай-ақ әскери басқару органдарын тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас штабтың жоспарына сәйкес құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылы бойынша көтерілді.

Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға темір жол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді жүзеге асырады. Полигондарда тактикалық, оның ішінде түнгі жағдайда да оқу-жаттығулар мен атыстар өтетін болады.

Бұдан өзге, бөлімдердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады.

“Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі”, – делінген хабарламада.