×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«ҚазТрансОйл» Германияға жөнелтілетін мұнайды қабылдап жатыр

23.02.2023, 20:29
Ашық дереккөз

Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға тасымалданатын Қазақстан мұнайын қабылдай бастады. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай «ҚазТрансОйл» компаниясы ақпанда 20 мың тонна Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізеді.

23 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыр жүйесі Германияға тасымалданатын қазақстандық мұнайды қабылдай бастады, - деді Шыңғыс Ілиясов.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда «ҚазТрансОйл» 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген еді.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Серіктес жаңалықтары