×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қаңтар оқиғасы: Тағы екі лауазымды полицей ұсталды

04.04.2022, 17:12
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан тағы екі лауазымды полицей ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында екі полиция департаменті мен үш ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер негізінде қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды”, - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, 1-2 сәуір күндері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары пен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.