Қазгидромет 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.