×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

«Биыл біз жеңеміз»: Зеленский бір жылға созылған соғысқа байланысты мәлімдеме жасады

24.02.2023, 11:53
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің бір жылдығына арналған видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«24 ақпанда миллиондап иық тірестіре шешім қабылдадық. Ақ емес, көк-сары туды тік көтердік! Шегінбедік, күреске бел будық! Жаумен шайқасқа түстік. Бұл – ауыр әрі қайғылы, сенім мен бірлік жылы болды. Мызғымас күш екенімізді көрсеттік! Биылғы жыл – біздің жеңіс жылы екенімізді білемін», - деп жазды Владимир Зеленский.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға Ресей әскері басып кірген еді. Соғыстың бір жылдығы қарсаңында Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерінің Украинадан шығару мәселесі дауысқа салынғанда қалыс қалды.

Серіктес жаңалықтары