×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

ТЖМ соңғы тәулікте Қазақстанда үйлерді су баспағанын мәлімдеді

05.04.2022, 12:03
Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдай министрлігі ағымдағы тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу
жағдайлары тіркелмегенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің ресми өкілі бір тәуліктің ішінде 119 адамның эвакуацияланғанын, оның ішінде 106-сы  уақытша эвакуациялау пункттерінде, 13-і туысқандарында орналастырылғанын жеткізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Ақтөбе облысында 15 саяжай үйі бақылауда. Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар 3 автожолда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы 2 облыстық маңызы бар автожолда, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы 4 жергілікті маңызы бар автожолда және Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар учаскесіндегі 1 көпірде су тасуда», – деп баяндады Талғат Уәли.

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері өңірлер аумағында 235 874 мың м3 еріген қар суын сорып шығарған. Инертті материалдары бар 6 870 қап төселген.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардан 868 адам, 584 бірлік техника, 234 су сорғыш құралы және 15 жүзу құралы жұмылдырылған.

Батыс Қазақстан облысында Маңғыстау және Атырау облысы құтқарушылары Тасқала ауданы мен Орал қаласында жұмысын жалғастыруда екені мәлім болып отыр.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде қыз бала суға кетіп қала жаздады.