×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Назарбаев отбасына қатысы бар Қазақтелеком демонополизацияланады

06.04.2022, 00:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. Ведомство басшысы телекоммуникация саласын демонополизациялау үшін қажетті бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық шараларды атап көрсетті. Еліміздегі тіркелген және мобильді байланыстың үлесіне қатысты мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық қызмет нарығында  тіркелген байланыс қызметі бойынша 80%-дан астам және мобильді байланыс бойынша 60%-дан астам үлесі бар монополист екендігі атап өтілді.

Телекоммуникация нарығындағы елеулі орын «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына басқа сабақтас нарықтарда айтарлықтай үлес алуға мүмкіндік берді. «Қазақтелеком» АҚ-на тауарларды цифрлық таңбалау нарығының 100% үлесі, фискалдық деректер операторлары нарығында 78%, Деректерді өңдеу орталықтары нарығында 55%, ақылы теледидар қызметтері нарығында 33% үлес, барлық радиожиіліктердің 75% тиесілі.

«Кселл» және «Теле2» компанияларының бірігуі кезінде олардың желілерін оңтайландыру және біріктіру есебінен оң нәтижеге қол жеткізу мақсаты қойылғанын атап өткен жөн, бұл көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтердің сапасын арттыруға тиіс еді. Алайда, 3 жыл ішінде мобильді байланыс операторларының желілері біріктірілмеді. Оның шешімі ретінде Б. Мусин компаниялар тобының мобильді операторларының бірін бәсекелі нарыққа шығару арқылы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды ұсынды. Премьер-Министр Ә. Смайылов ЦДИАӨМ-ге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен бірлесіп, осы мәселе бойынша бір апта ішінде ұсыныс енгізуді тапсырды.