×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Алматы тұрғыны ЖЭО-ларда көмір пайдалануға тыйым салуды ұсынды

24.02.2023, 20:58
Ашық дереккөз

24 ақпанда қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар сумен қамту, көлік инфрақұрылымын дамыту, жер қатынастары және тағы басқа мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мегаполистің экологиялық тұжырымдамасын дамыту туралы айтты.

"Кеше Президент бізді жасыл дәліздер – қаланы өзендер мен көшелер бойымен көгалдандыру, экологиялық көлік түрлеріне көшуді қолдап, тапсырма берді. 2025 жылдың соңына дейін бізде дизельмен жүретін бір де бір автобус болмайды. Сонымен қатар, жел екпіні мәселесін шешеміз. Қазір институттар мен ғалымдар оңтайлы шешім табумен айналысып жатыр.⠀Ең бастысы, егер тиімді экологиялық көлік болса әрі жылыту маусымында көмірден және қатты отынның басқа түрінен арылсақ, онда қаладағы жағдайды алдағы 3 жылда жақсартамыз деп ойлаймын", - деді қала әкімі.

Қала тұрғыны қала әкіміне Алматыда үйлер мен кәсіпорындарды жылыту үшін көмірді пайдалануға тыйым салуды ұсынды.⠀

Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, қаланы толықтай газға көшіру қажет, содан кейін мәслихат басқа отын түрлерін пайдалануға тыйым салу туралы ұсынысты қарастыра алады. Қазір қалада магистральдық газ құбырлары бар, бірақ халық әлі толық қосылмаған.⠀

"2023-2024 жылдар аралығында қаланың толықтай газға көшіреміз деп ойлаймын. Шын мәнінде, көмірді пайдалану көлемі өте төмен, көмір базаларын негізінен Алматы облысының тұрғындары пайдаланады. Қазір Алматыда газ тарту деңгейі 99,2%".Ерболат Досаев⠀

Қала әкімінің айтуынша, ЖЭО-ға қатысты премьер-министр "Самұрық-Энергоға" жаңғырту жұмыстары бойынша тапсырған. ЖЭО бойынша 1-кезеңді аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары