×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Ресейлік саясаткер Жириновскийдің өлгені ресми хабарланды

06.04.2022, 16:17
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға қатысты мәлімдемелерімен атышулы саясаткердің өлгенін бұған дейін жоққа шығарған РФ мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин, бүгін оның өмірден кеткенін айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды», - деп жазды дума спикері.

Жалпы 8 рет екпе жасатса да, 2 ақпанда коронавируспен ауруханаға түскен ЛДПР жетекшісі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, омикрон штаммы диагнозы қойылды. 1946 жылдың 25 сәуірінде Алматыда туып, 1964 жылы Ресейге кеткен ол Қазақстанда шовинистік мәлімдемелерімен танымал.