×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Жас әнші Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады

25.02.2023, 11:55
Ашық дереккөз

Таиландта жол-көлік апатынан қайтыс болған отандық әнші Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады. Бұл туралы «õzen» музыкалық лейблінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын», - делінген «õzen» лейблінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Сонымен бірге, желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.

Еске салайық, 24 ақпанда Пхукет аралында Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков жол-көлік апатынан қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігі мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Кеше кешке өнер иесінің жанкүйерлері Алматы қаласында оның рухына тағзым етіп, музыканттың әндерін орындаумен еске алды.

Серіктес жаңалықтары