×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алты өңірде дауылды ескерту жарияланды

25.02.2023, 13:46
Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері ертең, 26 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты алты өңірде дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматыда түнде тұман, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Серіктес жаңалықтары