×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Джо Байден келесі жылғы сайлауға түсетін болды

25.02.2023, 14:49
Ашық дереккөз

АҚШ Президенті Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді, бірақ науқан басталғанша әлі көп жұмыс істеу керектігін атап өтті. Ол жұма күні ABC телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байденнің айтуынша, ол келесі президент сайлауына «қатысуға ниетті».

«Алайда, науқан басталмас бұрын бұған дейін басталған көп жұмысты аяқтауым керек», - деп атап өтті ол.

80 жастағы демократтың ойынша, оның жасы сайлауға қатысу бойынша жоспарына әсер етпейді.

«Бірақ, адамдардың менің жасым туралы сұрақ қоюына негіз бар», - деді ол.

Джо Байден мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануға қатысу туралы жоспарымен 2022 жылғы 9 қарашада бөліскен болатын, алайда толық шешімді осы жылдың басында қабылдайтынын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары