×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыдағы ХҚКО-да кұқық бұзушылық өте көп - прокуратура

25.02.2023, 15:25
Қарағандыдағы ХҚКО-да кұқық бұзушылық өте көп - прокуратура
Ашық дереккөз

Қарағанды облыстық прокуратурасы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің жұмысында көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдардың қызметінде ішкі еңбек нарығын қорғауға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ 2021-2022 жылдары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға бағытталған заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексерулер халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың және мемлекеттік гранттар беру ережелерінің көптеген бұзушылықтарын анықтады.

Атап айтқанда, 58 млн теңгені тиімсіз пайдалану, 20 млн теңгеден аса сомада гранттарды мақсатсыз пайдалану анықталды. Осылайша, оқытылған 1691 жұмыссыздардың тек 44%-ы немесе 760-ы алған мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды. Мысалы, Осакаров ауданында 2021 жылы 10 млн теңге бюджет қаражатына 65 адам талап етілмеген мамандықтар бойынша оқытылған. Нәтижесінде тек 10-ы жұмыс тапты.

Сондай-ақ 54,5 млн теңгеге 36 грант негізсіз берілген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Гранттар бизнес субъектілеріне өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға арналған. Мемлекеттен бизнес-идеяларды іске асыруға алынған гранттар оқытуға және басқа да мақсаттарға жұмсалды. Қарағанды, Шахтинск қалаларында, Абай, Ақтоғай аудандарында 9,8 млн теңгеге 9 грант нысаналы топтарға жатпайтын мақсаттарға берілген.

Бұған қоса 11 кәсіпкердің 6,4 млн теңгеге грант алғаннан кейін өз қызметін тоқтатқаны анықталды. Салдарынан жоспарланған жаңа жұмыс орындарын құруға қол жеткізілмеген.

Сонымен қатар, азаматтарды жұмысқа жалған орналастырудың 75 фактісі анықталды. Жұмыс орындарымен басқа ұйымдардың қызметкерлері немесе жұмыс істеп жүрген қызметкерлер «қамтамасыз етілген».

Қазір жоғарыда аталған деректерге қатысты прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.