×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қазақстанның сыртқы қарызы 22 трлн теңгеге жетті

07.04.2022, 14:12
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Нұрлан Бекенов Сенат отырысында сыртқы мемлекеттік қарыздардың тұрақты өсуіне алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтар бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 27,4 пайызына жетті. Үкіметтің сыртқы борышы, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың кепілдік берген сыртқы борышы 37 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ұлттық қор активтерінің 67 пайызын құрайды. Шекті мәнге жетіп келеді. Ұлттық қорды қарыздарды өтеу бойынша кепілдендірілген резерв ретінде ғана қарастыруға болмайды», - деді ол үкіметке жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатор қазіргі таңда жалпы сомасы 12,2 млрд долларды құрайтын  мемлекеттік сыртқы 52 қарыз бар екенін атап өтті. Бұл ретте бар болғаны оның 80%-ы игеріліп отыр. Депутат қазіргі жағдайды жақсарту үшін сыртқы мемлекеттік қарыздардың тиімділігі мәселелері бойынша сенаторлардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесуі барысында әзірленген бірқатар жүйелі шараларды атап өтті.  Олардың ішінде сатып алу үдерісіне және келісім-шартты басқаруға тұрақты мониторингті жүзеге асыру, одан әрі өзектілігін жою үшін әзірленіп жатқан жобалардың сапасын арттыру шаралары бар.