×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында кездесті

07.04.2022, 15:32
Сурет: twitter/GGGBoxing

Геннадий Головкин мен Риота Мурата орта салмақтағы бокстасу алдында алғаш рет БАҚ алдына шықты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

“Маған берілген мүмкіндік үшін өте ризамын, Жапонияда болу үлкен мәртебе және Муратаны кездестіргеніме және титулдық жекпе-жеміздің өтетініне өте қуаныштымын. Мен Риотаны адам ретінде қатты құрметтеймін. Жекпе-жек алдында көп уақыт болды, сондықтан оған өте жақсы дайындалдық. Бұл тамаша жекпе-жек болады. Әлемдегі жағдай шынымен қиын. Мен мұндай шараларды ұйымдастыру көп күш жұмсайтынын түсінемін, осы шоуды ұйымдастыруға көмектескен промоутерлер мен Жапония үкіметіне алғыс айтамын. Көптен бері дайындалып, күткендердің үмітін ақтайтын жекпе-жек өткізгім келеді”, – деді Геннадий Головкин

Жекпе-жек 9 сәуірде өтеді, боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем титулдары мен WBA Super белбеуін сарапқа салады.

“Бұл керемет жекпе-жек және Жапонияда Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігі. Осыған атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді, – деп қысқа қайырды Риота Мурата