Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Талғар Ньюс сайтына сілтеме жасап.
“Оған қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша жауапты кезекшілік орнын тастап кетуі себеп болған”, – деді Талғар әкімдігінің баспасөз қызметі
Төреханов Алматы маңында орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтеріне жауапты болған.
Еске салсақ, 5 сәуірде Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды.