×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды

08.04.2022, 10:15
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады, – делінген хабарламада.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.