×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Экс-сенатор ажалы анафилаксиялық шок алғаннан – полиция

26.02.2023, 14:44
Ашық дереккөз

Полиция Сенаттың бұрынғы депутаты, Оқу-ағарту министрлігі комитеттерінің бірінің жетекшісі Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Еске сала кетсек, Гүлмира Кәрімова биыл 27 қаңтарда көз жұмған еді. Сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада оның өліміне «анафилаксиялық шок» деген диагноз себеп болған.

Серіктес жаңалықтары