×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Ұлттық банк Ресейдегі инфляция мен ішкі тауар тыйымдарына алаңдап отыр

08.04.2022, 11:33
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк геосаяси жағдайдың биылғы импорттың қысқаруына қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Оның 2021 жылғы импорттағы үлесі 42%-ды құрады (соңғы 5 жылда орта есеппен – 38%). Биыл импорт қаншалықты азаяды немесе ол жалпы қысқартылуы мүмкін бе, бұл – санкциялардың көлемі мен ұзақтығын, әлемдік инфляцияның динамикасын, басқа логистикалық тізбектерге тез арада қайта бағыттау мүмкіндігін, халықтың сатып алу қабілетін және Ресейдің белгілі бір тауар топтарын шығаруға ішкі тыйымдарын қамтитын әртүрлі факторларға байланысты болады», - деп түсіндірді Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев.

Оның айтуынша, былтыр импорттың басым бөлігі ресейлік автомобильдер мен олардың жабдықтарынан құралған. Алайда бүгінгі санкциялық шектеулерге байланысты Ресей Федерациясындағы автомобиль зауыттары жабылып жатыр. Бұл, әлбетте, біздің нарыққа да ықпал етпей қоймайды.

«Тағы бір мысал ретінде келтірейін, Ресей қант экспортын тоқтатты. Сондай-ақ шет елдерден әкелінетін тауарлардың бір бөлігі бізге Ресей аумағы арқылы жеткізілетін. Бұл жерде тауар бағасын көтеріп жіберетін солтүстік көршіміздегі инфляция қарқынын да ескеру қажет. Барлығы валюта бағамына, екі ел арасындағы инфляциялық дифференциалға, логистикалық тізбектегі ахуалға және Ресейден белгілі бір тауарларды шығаруға тыйым салудың одан әрі қалай қалыптасатынына байланысты болады. Сәуір айының соңында жарияланатын 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы төлем балансын алдын ала бағалау кезінде бізде бұл сұраққа анағұрлым нақтырақ жауап болады деп ойлаймын», - дейді ол.